mk head8

«Қарағанды – Евразия орталығы» естелік белгісінің ең үздік дизайнерлік жобасы туралы конкурстың Ережесі

 

«Бекітемін»

Қарағанды қаласының әкімі

_____________Н.Әубәкіров

 

 

 

«Қарағанды – Евразия орталығы» естелік белгісінің ең үздік дизайнерлік жобасы туралы конкурстың

Ережесі

 

 

Кеңес үкіметі кезінен Қарағанды – Қазақстанның индустриалдық астанасы статусын өзіне бекітіп алды, тарихи да солай қалыптасқан.

Осы статусты еліміздің Тәуелсіздігінің қалыптасуы кезінде де сақтай отырып, елмен бірге ащы-тұщысын көріп келеді. Бірақ әр уақытта да дамуға серпінді.

Аз ғана тарихи кезеңде қазақстандықтар мен қарағандылықтар еліміздің бүкіл дүние жүзіне танымал болғандығына куә болып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды «Евразия жүрегі» - деп атады, Елбасының көптеген бастамаларының орталығы болды, оның ішінде:

-       Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру

-       Евразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция

-       ОБСЕ мен Азия ойындарын өткізу

-       Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу тағы да көптеген басқа шаралар.

Қазақстан үшін барлық осы маңызды оқиғаларда Қарағанды облысы мен қаласы өз ерекше орнын алды.

Осы айтылған ой бізге Қарғандыны Евразия орталығы –деп атауға құқық береді.

Сондықтан да, қаламыздың орталығында «Қарағанды – Евразия орталығы» символикалық естелік белгісін орнату бастамасы кездейсоқ емес.(орталық саябақта).

 

  1. 1.    Жалпы ережелер

 

1.1«Қарағанды – Евразия орталығы» естелік белгісінің ең үздік дизайнерлік жобасының конкурсы жыл сайынғы «Біз – қарағандылықтармыз» Фестивалінің аясында өткізіледі.

1.2Конкурстың мақсаты – Қарағандыны туристік, мәдени, экономикалық дамыған орталық ретінде қазақстандықтар үшін және шетел меймандары үшін жаңа образын қалыптастыру.

1.3Конкурс Астана қаласында өтетін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған.

1.4Конкурс «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтеді.

1.5Конкурсты ұйымдастырушылар: «Қарағанды облысының кәсіпкерлер Ассоциациясы» ҚБ және «Е – Караганда» интернет порталы.

1.6Конкурстың өткізу шарты мен тәртібі осы ережемен анықталған.

 

 

  1. 2.    Конкурсты өткізу мен ұйымдастыру шарттары

 

2.1Конкурс туған қаласына деген патриоттық сезімі бар және шығармашылық талаты бар қарағандылықтардың арасында өткізіледі.

2.2Конкурс 3 кезеңде өтеді:

-       конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін жинау мен қарастыру

-       ең үздік дизайнерлік жобаны таңдау процедурасын өткізу және жеңімпазды марапаттау

-       «Қарағанды – Евразия орталығы» естелелік белгісін орнату

2.3Ең үздік дизайнерлік жобаны конкурстың қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы таңдайды. Қазылар алқасының құрамына қалалық әкімдік пен мәслихаттың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және архитекторлар одағы мен суретшілер одағының тәуелсіз сарапшылары кіреді.

2.4 Конкурстың жеңімпазы  - 100 000 (жүз мың) теңге ақшалай сыйлыққа ие болады.Қатысушылар естелік сыйлықтар мен дипломдармен марапатталады

2.5Конкурсты өткізу мерзімі:

-       өтінімдерді беру мезімінің басталуы – 12 мамыр 2017ж.

-       өтінімдерді беру мерзімінің аяқталуы – 10 маусым 2017ж.

-       жеңімпазды анықтау мерзімі мен марапаттау – маусым айы 2017ж.

-       естелік белгінің ашылу мерзімі – 27 тамыз 2017ж., қаламыздың басты мейрамы – Шахтерлар күні.

 

  1. 3.    Конкурсқа қатысу шарттары

 

 

3.1Конкурсқа қатысу үшін потенциалды конкурсантқа мынау қажет:

-       ұйымдастыру комитетіне белгіленген формамен толтырылған өтінімді тапсыру (осы ережеге қосымша)

-       қазылар алқасының сұрауы бойынша өтінімге қосымша материалды тапсыру

3.2Конкурсқа қала түрғындары қатыса алады:

-       кәмелетке толғандар

-       кез келген мамандық иесі

-       уәсіби дизайнерлер, архитекторлар мен суретшілер

3.3Конкурсқа мыналар қатыса алмайды:

-       ұйымдастыру комитетінің мүшелері

-       қазылар алқасының мүшелері

-       өтінімдерді белгіленген мерзімнен кейін тапсырған тұлғалар

3.4Барлық өтінімдерді қатысушылар белгіленген мерзімде электрондық және қағаз түрінде мына электрондық поштаға тапсыруы керек: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Егер макеттер мен композициялар болатын болса, оларды өтініммен қоса тапсыру керек.

 

 

  1. 4.    Конкурстың жеңімпазын анықтау критерийлері

 

 

4.1Конкурстың жеңімпазына деген сыйлықты алуға осы ереженің 3.1, 3.2, 3.3 пункттеріне сәйкес келген қатысушылар ұміттене алады.

4.2Жеңімпазды анықтау кезінде қазылар алқасы мына критерийлерді басшылыққа алады:

-       конкурстық жоба тақырып пен мақсатына сәйкес келу керек

-       ұсынылған естелік белгінің концепциясы қазақстандықтарға және қала қонақтарына түсінікті болуы қажет

-       ұсынылып отырған естелік белгінің дизайны бірегей (уникальный) болуы керек (авторлық)

-       естелік жобаны жасау үшін ұсынылып отырған материалдар қолжетімді және шағын бюджетті болу керек. Осыған орай, пайдалану мерзімі, жасалған белгінің мықты болуы қоса бағаланады.

-       Дизайнерлік жобаға қосымша естелік белгіні жасаудың шамаланған сметасы тіркелуі керек.

4.3 Қазылар алқасы ұсынылған жобада плагиат болған жағдайда өтінімді қабылдамауға құқылы.